Академия түлектері 20 жылдан кейін білім алған оқу ордасына келді.
Академия түлектері 20 жылдан кейін білім алған оқу ордасына келді.



2024 ж. 26 шіл., 19:30:00
Осы жылдар ішінде Академия Қазақстанның әр түкпірінде табысты еңбек етіп жүрген мыңдаған қызметкерлерді оқытып, қанат қақтырды. Олардың көпшілігі полиция мен қылмыстық-атқару жүйесінде жоғары басшылық лауазымдарға ие.
Бүгін 40-тан астам түлек курсанттық өмірге қайта оралғандай болды: жаңартылған аудиториялар мен оқу полигондарын аралап, жатын бөлмелері мен асханаға барып, курсанттардың күн тәртібі мен саптық дайындығын еске түсірді.



