Қостанай академиясына ҚАЖК төрағасының орынбасары іссапармен келді
Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары әділет полковнигі Жәнібек Баймағанбетовтың қатысуымен жұмыс кездесуі өтті. Іс-шара аясында Академияның жаңартылған сайтының тұсаукесері ұсынылды, сондай-ақ оқу орнының базасында ұшқышсыз ұшу аппараттары жөніндегі орталық (ҰҰА) мен өңірлік хаб құрумен байланысты негізгі мәселелер талқыланды. ІІМ Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов баяндама жасап, жаңа Академия - оқу орнының даму стратегиясын ұсынды. Өз сөзінде ол білім беру процесіне заманауи технологиялар мен инновациялық тәсілдерді енгізудің маңыздылығын, сондай-ақ құқық қорғау органдары үшін жоғары білікті кадрларды даярлау және материалдық-техникалық базаны нығайту қажеттігін атап өтті. Кездесу Академия мен ҚР ІІМ ҚАЖК арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болды, сондай-ақ білім беру және құқық қорғау қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде оқу орнын одан әрі дамыту перспективаларын белгіледі.