Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 701 190 82 94
Сенім телефоны +7 747 143 2632

Алғашқы даярлық курсына тыңдаушылар келді

Алғашқы даярлық курсына тыңдаушылар келді

Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясына қатардағы және орта басшы құрамның алғашқы даярлығының екі айлық курстарынан өту үшін тыңдаушылар келді. Курстық бағдарлама теориялық сабақтарды да, қызметкерлер өз жұмысында кездесетін әртүрлі жағдайларда іс-әрекеттерді пысықтауға бағытталған практикалық жаттығуларды да қамтиды. Дене шынықтыруға, заңнаманы зерделеуге, төтенше жағдайларда әрекет ету тактикасына, сондай-ақ коммуникация және командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға ерекше назар аудартылады. Мұның бәрі тыңдаушыларға өздерінің кәсіби деңгейлерін жоғарылатып қана қоймай, өз қабілеттеріне сенімді болуға, кез-келген қиындықтағы тапсырмаларды орындауға дайын болуға мүмкіндік береді. Біз курстағы барлық қатысушыларына оқу бағдарламасын табысты меңгеруді, кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуді және қызметтік мансапта одан әрі биік белестерде көрінулерін тілейміз.

b2e7d243e7677f9bc57cabe17c1480fcff13f7af.jpg22a0664ad008d04d78810bd6a296b651a106bd6e.jpg34051f55b8885cc8437b97f143649ba61b39b2b3.jpg

 

2025 ж. 20 қаң., 15:00:00