Menyu
1414 Qo'ng'iroqlar markazi
Tanlov komissiyasi +7 701 190 82 94
Ishonch telefoni +7 747 143 2632

«ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ КЕЗЕКШІ БӨЛІМІ» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ПОЛИГОНЫ

«Полиция бөлімінің кезекші бөлімі» полигонында практикалық сабақтар өткізу білім алушылардың бойында қажетті дағдыларды қалыптастыруға және бекітуге ықпал етеді:

  • азаматтардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және қарау;

  • полицияның кешенді күштері мен кезекші жедел-тергеу тобы жасақтарының қызметтегі іс-қимылдарын үйлестіруді жүзеге асыру;

  • кезекші бөлімнің тиісті техникалық құралдарын пайдалану;

  • кезекші бөлімнің қызметтік құжаттамасын жүргізу;

  • құқық бұзушылық жасаған адамдарды жеткізу және әкімшілік ұстау.