Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 705 242 37 27, +7 714 239 09 19
Сенім телефоны +7 714 239 09 19(1012)

Журнал туралы

Құрылтайшы– Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы.

Заң ғылымдары бойынша ғылыми қызметтің негізгі ғылыми нәтижелерін жариялау үшін басылымдар тізбесіне енгізілген (ҚР БҒМ БҒСБК 11.02.2021 ж. № 2 ҚБП бұйрығы).

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 01.10.2001 ж. тіркеді  Бұқаралық ақпарат құралын тіркеу туралы куәлік № 2325-Ж. 

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігімен 12.03.2015 ж. қайта тіркелді. ППИ тіркеу туралы куәлік № 15156 - ж. ISSN-2306-451Х. 

Шығу жиілігі – жылына 4 нөмір (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан). Журналдың кезекті нөмірі ол шыққанға дейін 2 ай бұрын дайындалады. 

«Ғылым-Наука» журналының жазылу индексі – 75383. Басылымға жазылуды “Қазпошта” АҚ-ның кез келген пошта бөлімшесінде рәсімдеуге болады. Таралу аумағы - Қазақстан Республикасы

«Ғылым-Наука» ғылыми мерзімді басылымының мақсаты – «Заң ғылымдары» саласы бойынша Қазақстан және басқа елдер ғалымдарының ғылыми зерттеу нәтижелерін ашық баспасөзде жариялау. 

Журналда ғылыми мақалалар, құқықтанудың түрлі салаларындағы зерттеу нәтижелері туралы хабарламалар, жаңа ғылыми заң басылымдарына рецензиялар, мемлекет пен құқық мәселелері бойынша маңызды ғылыми конференциялар туралы мақалалар жарияланады. 

Журналда келесі тақырыптық бағыттар бойынша материалдар жарияланады:
 

  • Құқық қорғау қызметінің және Қазақстан Республикасының заңнамасын қолданудың өзекті мәселелері;
  • Әлеуметтік-гуманитарлық білімнің өзекті мәселелері;
  • Шетелдегі құқық қорғау қызметі;
  • Жас ғалым мінбері;
  •  Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында өткізілетін ғылыми семинарлар, дөңгелек үстелдер, жарияланған ғылыми жұмыстар, профессор-оқытушылар құрамының оқу және оқу-әдістемелік құралдары және т. б. туралы ақпарат