菜单
1414 呼叫中心
帮助热线 +7 747 143 2632

Заң ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор (доцент), М.А. Аюбаевтың ҒЫЛЫМИ МЕКТЕБІ

     Заң ғылымдарының докторы
     қауымдастырылған профессор (доцент), 
          Мейрам Акатович Аюбаевтың         
               ҒЫЛЫМИ МЕКТЕБІ                               

Қылмыстық-атқару жүйесіне арналған кадрларды кәсіби даярлау, білім беру және ғылымды дамыту ісіне қосқан зор үлесі үшін заң ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор (доцент) Мейрам Акатович Аюбаевтың құрметіне кафедра жанынан ғылыми мектеп ашылды.

Аюбаев Мейрам Акатович — қылмыстық-атқару жүйесі саласында танымал ғалым, жетекші маман. Оның ғылыми зерттеулері мен әдістемелік еңбектері аталмыш саланың ғылыми және практикалық негізін байытып, жаңа тәсілдер мен бағыттардың қалыптасуына ықпал етті.

Мейрам Акатович 70-тен астам ғылыми мақаланың, монографиялардың, бес оқу құралы мен әдістемелік ұсыныстардың авторы. 

Оның еңбектері қылмыстық-атқару жүйесіндегі алдын алу функциялары мен азаматтарды әлеуметтік оңалту мәселелеріне арналған.

Ғалымның жетекшілігімен көптеген жоғары білікті мамандар даярланды. Атап айтқанда, магистрлік диссертацияларын сәтті қорғаған шәкірттері: Б. Шаяхметов, М. Нурпейсова, Д. Белялова, 
К. Кайыржанов және докторлық диссертация қорғаған Г.С. Кузекова Қазіргі уақытта да М.А. Аюбаев магистранттар мен докторанттардың ғылыми жетекшісі болып табылады.

Оның ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген ұсыныстар қылмыстық-атқару жүйесінде құқық қолдану тәжірибесінің тиімділігін арттыруға ықпал етті.

Мейрам Акатович Аюбаев Қазақстан Республикасының 
2014 жылғы Қылмыстық-атқару кодексі, «Пробация туралы» заңы және басқа да нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеу бойынша мемлекеттік органдар жанындағы жұмыс топтарына жетекшілік етті.

Мейрам Акатович Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Нельсон Мандела ережелерін зерттеу бойынша ғылыми-білім беру орталығының, пробация қызметкерлерін және қылмыстық-атқару жүйесінде экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл мамандарын даярлау орталықтарының ашылуына белсенді атсалысты.

М.А. Аюбаев БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Қазақстан Республикасындағы сарапшысы.

Мейрам Акатович ғылыми идеялары мен қағидаттары қазіргі уақытта да ғылыми және практикалық қауымдастықтарда өзекті әрі сұранысқа ие.

Ғылыми мектепке оның есімінің берілуі — ғалымның еңбегін танудың және оның ғылыми мұрасын сақтау мен одан әрі дамытудың белгісі.

Ғылыми мектептің мақсаты – заң ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Мейрам Акатович Аюбаевтың ғылыми мұрасын сақтау, дамыту және кеңінен насихаттау, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі саласында заманауи ғылыми тәсілдер мен халықаралық стандарттарға негізделген жоғары білікті мамандарды даярлау.

Ғылыми мектептің міндеттері:

  1. М.А. Аюбаев әзірлеген ғылыми идеялар мен әдістемелік тәсілдерді ҚАЖ жүйесі үшін кадрлар даярлау ісіне енгізу және ілгерілету.

  2. Қылмыстық-атқару құқығы мен пробацияның өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу.

  3. Магистранттар мен докторанттарды даярлау, олардың ғылыми жобалары мен диссертациялық зерттеулеріне жетекшілік жасау.

  4. Құқық қолдану тәжірибесінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін ғылыми-әдістемелік материалдарды әзірлеу.

  5. Ғылыми зерттеулер нәтижелерін ҚАЖ және пробация жүйесінің практикалық қызметіне енгізу.

  6. Халықаралық ұйымдармен және ғылыми орталықтармен ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Ғылыми мектептің қызметін ұйымдастыру.

Ғылыми мектеп Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қылмыстық-атқару құқығы кафедрасы жанында жұмыс істейді. Ғылыми мектепке заң ғылымдарының докторы, доцент Мейрам Акатович Аюбаев өзі жетекшілік етеді. Мектеп құрамына магистранттар, докторанттар, жас оқытушылар мен зерттеушілер кіреді, олар ғалымның тікелей ғылыми жетекшілігімен жұмыс істейді.

Мектеп қызметі ғылыми мұрагерлік, практикалық бағыттылық, пәнаралық тәсіл және халықаралық стандарттарға, оның ішінде Нельсон Мандела ережелеріне бейілділік қағидаттарына негізделеді.

Ғылыми мектеп бағдарламасы қамтиды:

  • М.А. Аюбаев ғылыми мұрасын зерделеу және жүйелеу;

  • ҚАЖ саласындағы ғылыми гранттар мен жобаларға қатысу;

  • Ғылыми жарияланымдар, оқу құралдары мен әдістемелік ұсыныстар дайындау;

  • Дөңгелек үстелдер, конференциялар, семинарлар және шеберлік сыныптарын өткізу;

  • Отандық және шетелдік ғылыми мекемелермен тағылымдамалар мен ғылыми алмасулар ұйымдастыру;

  • ҚАЖ жүйесін дамытуға бағытталған білім беру және қолданбалы ғылыми жобаларды жүзеге асыруға курсанттар, магистранттар мен докторанттарды тарту.

Ғылыми мектептің негізгі бағыттары:

  • Қылмыстық-атқару құқығы және саясат;

  • Қазақстан Республикасында пробация институтын дамыту;

  • Сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;

  • ҚАЖ мекемелерінде экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл;

  • Халықаралық стандарттарды (соның ішінде Нельсон Мандела ережелерін) ұлттық құқықтық және пенитенциарлық тәжірибеге бейімдеу;

  • ҚАЖ және пробация қызметі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.

Ғылыми мектептің күтілетін нәтижелері:

  1. Жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау

  • Магистранттар мен докторанттардың ғылыми жетекшілігін жүзеге асыру, олардың диссертациялық жұмыстарын қорғауға көмектесу.

  • Қылмыстық-атқару жүйесі саласында тұрақты ғылыми әлеуетті қалыптастыру.

  1. Ғылыми ұсыныстарды әзірлеу және енгізу:

– Қылмыстық-атқару жүйесі мен пробация қызметін дамытуға бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды іске асыру;

– Ғылыми зерттеулер негізінде құқық қолдану практикасының тиімділігін арттыру.

  1. Ғылыми-зерттеу базасын кеңейту:

– Ғылыми мақалалар, оқу құралдары және әдістемелік ұсыныстарды жариялау.

– Халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдерге қатысу.

  1. М.А. Аюбаев ғылыми мұрасын насихаттау

– Ғылыми идеялар мен әдістемелерді білім беру үдерісіне интеграциялау;

– Мектеп негізін қалаушының ғылыми дәстүрлері мен тәсілдерін сақтау және дамыту.

  1. Халықаралық ынтымақтастық

– Қазақстан Республикасындағы БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы секілді халықаралық ұйымдармен серіктестік байланыстарды дамыту;

– Бірлескен жобаларға, гранттарға және ғылыми алмасуларға қатысу.

  1. ҚАЖ қызметіндегі практикалық қолдану

– Ғылыми зерттеулер нәтижелерін қылмыстық-атқару жүйесі мен пробация тәжірибесіне енгізу;

– Ғылыми-білім беру іс-шаралары арқылы ҚАЖ қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру.