菜单
1414 呼叫中心
帮助热线 +7 747 143 2632

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Н.П. Кимның ҒЫЛЫМИ МЕКТЕБІ

     Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының 
     академигі, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің  
          Құрметті қызметкері Наталья Павловна Кимның         
                    ҒЫЛЫМИ МЕКТЕБІ                               

 

Ким Наталья Павловна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ПҒА академигі, ҚР ІІМ ҚА Академиясының Құрметті профессоры, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, 2018–2023 жылдар аралығында Мәскеу қаласындағы Инновациялық технологиялар және әлеуметтік сараптама бойынша қоғамдық ұйымының (РОО ЦИТИСЭ) мүшесі.

Ресей Федерациясы Жоғары аттестациялық комиссиясының (РФ ЖАК) ғылыми журналдарының, атап айтқанда: «Вестник. Серия: Педагогикалық ғылымдар және білім беру» (2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін, Челябі қаласы), 3I (А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті), ҒЫЛЫМ (ҚР ІІМ Академиясы) басылымдарының редакциялық алқасының мүшесі. Scopus, РФ ЖАК, ҚР ҒЖБМ ККСОН базаларында жарияланған мақалаларды қоса алғанда, 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы.

Ғылыми жетекшілік қызметі: 13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика тарихы, этнопедагогика; 13.00.08 – Кәсіби білім берудің теориясы мен әдістемесі мамандықтары бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестердің мүшесі (Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Алтынсарин атындағы Академия, Алматы, 2003–2005 жж.). 2005–2008 жылдары ҚР БҒМ Бақылау комитетінің психология және педагогика бойынша сараптамалық комиссиясының мүшесі болды.

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін қорғалған диссертациялар бойынша ғылыми жетекші:

  1. Г.А. Павелко (Челябі мемлекеттік педагогикалық университеті, 2008 ж.);

  2. И.А. Бевз (ҚарМУ, 2008 ж.);

  3. Т.С. Шумейко (Челябі мемлекеттік педагогикалық университеті, 2009 ж.);

  4. Н.Ю. Кифик (Еуразиялық гуманитарлық институт, Астана, 2010 ж.);

  5. Н.А. Ткаченко (Челябі мемлекеттік педагогикалық университеті, 2011 ж.);

  6. Б.Ш. Баймұхамбетова (Челябі мемлекеттік педагогикалық университеті, 2011 ж.).

2014–2017 жылдар аралығында педагогика бойынша 15 магистрлік диссертацияға ғылыми жетекшілік еткен.

Ғылыми бағыты – кәсіби білім берудің теориясы мен практикасы.

Ғылыми мектептің мақсаты - педагогикалық және психологиялық зерттеулер саласында ғылыми әлеуетті қалыптастыру және дамыту, сонымен қатар сыни ойлайтын, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, кәсіби бағдарланған тұлғаны тәрбиелеу.

Ғылыми мектептің міндеттері:

- педагогика мен психология саласындағы өзекті мәселелерді, соның ішінде кәсіби білім беру саласын талдаудың теориялық-әдіснамалық негіздерін әзірлеу;

- магистранттар, докторанттар және жас ғалымдардың қолданбалы және іргелі психологиялық-педагогикалық зерттеулер жүргізуге қабілетті зерттеушілік құзыреттерін қалыптастыру;

- ғылыми жобаларды іске асыруға жәрдемдесу: ғылыми байқауларға, психологиялық және педагогикалық конференцияларға қатысу.

Ғылыми мектептің зерттеу салалары: кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесі, ғылыми зерттеу әдіснамасы, жоғары мектеп педагогикасы, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдардың ІІО-да (ішкі істер органдарында) практикалық қызметке дайындықтарының психологиялық-педагогикалық аспектілері.

Ғылыми мектептің ұйымдастырылуы:

Ғылыми мектеп ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы педагогика және психология кафедрасы базасында жұмыс істейді. Ғылыми мектепке педагогика ғылымдарының докторы, профессор Наталья Павловна Ким жетекшілік етеді. Мектеп құрамына магистранттар, докторанттар, жас оқытушылар мен зерттеушілер кіреді.

Ғылыми мектептің қызметі ғылыми сабақтастық, практикалық бағыттылық, пәнаралық тәсіл және халықаралық стандарттарға бейілділік принциптері негізінде ұйымдастырылады.