Меню
1414 Чалуу борбору
Тандоо комиссиясы +7 701 190 82 94, +7 714 239 03 62
Ишеним телефону +7 747 143 2632

Руслан Муканов атындағы спорт мектебі

                          Руслан Муканов атындағы         
               спорт мектебі                               

Руслан Жумагатович Муканов 1978 жылдың 4 қарашасында Көкшетау облысы, Щучинск қаласында дүниеге келген. 1986–1993 жылдары Ресей Федерациясы, Магадан облысы, Тенькин ауданы, Омчак кентінде тұрған. 9-сыныпты аяқтағаннан кейін Щучинск қаласына көшіп келіп, Щучин педагогикалық колледжіне оқуға түсті. 1996 жылы үшінші курсты аяқтаған соң академиялық демалыс алып, Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай жоғары мектебіне оқуға түседі. Төртінші курста сырттай бөлімге ауысып, ҚЮИ ІІМ ҚР-ның жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығы кафедрасында оқытушылық қызметін бастайды. 2000 жылы оқуын аяқтағаннан кейін Қостанай заң институтының ӘжДД кафедрасының оқытушысы қызметіне тағайындалады, ал 2001 жылдан бастап Алматы қаласындағы ҚР ІІМ академиясының БиФП кафедрасының оқытушысы болады. Сол жылы отбасын құрды. 2001–2004 жылдар аралығында ҚР ІІМ академиясының адъюнктурасында оқып, оны аяқтаған соң академияның ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 2004 жылдың қарашасында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, аға ғылыми қызметкер лауазымына тағайындалды. 2007 жылы Ресей ІІМ-нің Мәскеу университетінің докторантурасына түседі. Руслан Муканов – Қазақстан чемпионаттары мен халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, панкратион бойынша халықаралық турнир жеңімпазы, 2001 жылғы қол күресі бойынша Әлем чемпионы болған. 2009 жылы полиция подполковнигі шенін алуы тиіс еді, ал келесі жылы – докторлық диссертациясын қорғауы жоспарланған болатын. Алайда, өмір үмітке, арман мен жоспарларға толы сәтте, кенеттен және қайғылы түрде үзіледі. Оның құрметіне жыл сайын Қостанай қаласында барлық өңірлерден және жақын шет елдерден келген спортшылардың қатысуымен халықаралық деңгейдегі қол күресі турнирі өткізіледі. Биыл қараша айында Руслан Мукановты еске алуға арналған 15-халықаралық турнир өтеді. Руслан Муканов атындағы Спорт мектебі – оның жарқын бейнесін мәңгі есте қалдыру мақсатында Костанай академиясының спорт кешені базасында Физикалық даярлық кафедрасының бастамасымен құрылды. Бұл мектепте полиция қызметкерлерінің балалары, курсанттар мен жас офицерлер тәрбиеленеді. Олар мұнда азаматтық борышты сезінетін, патриоттық рухтағы, Отан қорғауға дайын тұлға болып қалыптасып, моральдық-психологиялық, рухани және кәсіби жағынан шыңдалады. Сонымен қатар қалалық, облыстық, республикалық жарыстарда, Азия мен Әлем чемпионаттарында өнер көрсетіп, Қазақстан Республикасының Туын биікте көтереді. Спорт мектебінің мақсаты – жас ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау, дене тәрбиесі құралдары арқылы денсаулықты нығайтуда әдістемелік тұрғыда сауатты, өздігінен жетіле алатын тұлға қалыптастыру, жоғары дәрежелі спортшылар даярлау. Мектептің міндеттері: - ҚР «Дене тәрбиесі және спорт туралы» заңдарын оқыту; - Белгілі спортшылармен, спорт ардагерлерімен және еңбек сіңірген жаттықтырушылармен кездесулер ұйымдастыру; - Академия курсанттары мен полиция қызметкерлерінің балаларына, аз қамтылған және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға арналған спорттық үйірмелер жүргізу; - Дене шынықтыру-спорттық мерекелер мен ойындарды ұйымдастыру; - Қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстар өткізу; - Жоғары дәрежелі жаттықтырушыларды шақырып, оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру; - Спорт шеберлігіне үміткерлер мен спорт шеберлерінің қатысуымен шеберлік сабақтарын өткізу; - Олимпиада ойындарының чемпиондарымен және жүлдегерлерімен кездесулер ұйымдастыру; - Спорт шеберлігіне үміткерлерді, спорт шеберлерін және жоғары деңгейдегі спортшыларды даярлау. Спорт мектебінің қызметін ұйымдастыру: Мектеп Қостанай академиясының дене шынықтыру даярлық кафедрасын жұмыс істейді. Мектепке полиция подполковнигі, ҚР спорт шебері М.Б. Абдрахманов жетекшілік етеді. Мектеп құрамына кафедра оқытушылары кіреді, олардың әрқайсысы – ҚР спорт шебері немесе спорт шеберлігіне үміткер, жоғары санатты жаттықтырушы. Күтілетін нәтижелер: 1. Спорт шеберлігіне үміткерлерді, Қазақстан, Азия және Әлем чемпиондарын даярлау; 2. Қолданбалы спорт түрлері бойынша төрешілерді даярлау; 3. Қолданбалы спорт түрлері бойынша семинарларға қатысу; 4. Жақын шет елдердің ЖОО-ларымен әртүрлі спорт түрлері бойынша ынтымақтастық орнату; 5. Облыстық, республикалық чемпионаттар мен халықаралық турнирлер ұйымдастыру және өткізу. Сонымен қатар, білім алушылар арасында денсаулыққа, жаттығу және демалыс тәртібіне, салауатты өмір салтына саналы және жауапты қатынас қалыптастыру көзделген. Руслан Муканов атындағы Спорт мектебі бағдарламасы – әр адамның ең басты құндылығы – денсаулық, ал ұлт саулығы – мемлекеттің басты өлшемі деген ұстанымға негізделген.