Мәзір
1414 Байланыс орталығы
+7 (777) 659-17-36 Сенім телефоны
Қабылдау комиссиясы +7 700-482-74-14

Порядок опубликования статей

ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛҒА МАТЕРИАЛДАРДЫ ҰСЫНУ ТӘРТІБІ:

  1. Автор А4 форматындағы ақ қағазға басылған екі дана қолжазбаны өзі немесе пошта арқылы хатпен тікелей бас редактордың атына жолдайды. Қолжазбадағы мәтін интервалы – 1, кітап бағдарлы; шрифті Times New Roman, биіктігі 14. Барлық ақшеттері - 2 см. Мәтін ені бойынша тасымалсыз пішімделуі тиіс, абзацтың басында шегініс - 1 см. Мақаланың тақырыбы ортасында пішімделеді. Мақала мәтінінде автоматты түрде нөмірлеу қолданылмауы тиіс. Мәтін автормен оқылып, редакциялық түзетуден өткізілуі міндетті және соңғы бетте автордың қолы қойылуы тиіс. «Word» мәтіндік редакторының форматындағы қолжазбаны электрондық пошта арқылы да жіберуге болады. Кейін автор мақаланың басып шығарылған даналарын жолдауға міндетті.
  2. Редакция қажетті түзетулер мен қысқартулар жасауға, сондай-ақ, оның пікірінше, журнал талаптарына сәйкес келмейтін мақалаларды қабылдамауға құқылы. Мақала қабылданбаған жағдайда, редколлегия оның себептері бойынша пікірталасқа жол бермеу құқығын сақтайды. Ғылыми және нақты сипаттағы қателіктер, дәлсіздіктер үшін автор (авторлар) жауап береді. Редакцияға келіп түскен материалдар қайтарылмайды.
  3. Редакция жариялау мерзімі бойынша өзіне міндеттеме алмайды. Материалдар олардың редакцияға түсу кезектілігі тәртібімен жарияланады. Егер материал авторға пысықтауға жіберілсе, онда қайта өңделген материалдың авторы қайтарған күн мақала келіп түскен күн болып есептеледі.
  4. Қолжазбаларды («Ғылым» журналына мақала» деген белгімен) редакцияға ooniririr@qpa.edu.kz электрондық поштасына және келесі пошталық мекенжайға жолдауға болады:

110005, Қостанай қ., ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, ҒЗжРБЖҰБ. Тел.: 8 (7142) 26-02-80 (120). Факс 8 (7142) 26-57-40.