Menyu
1414 Qo'ng'iroqlar markazi
Ishonch telefoni +7 747 143 2632

Заң ғылымдарының докторы, Қазақстан ПҒА академигі Е.О.Тузельбаевтың ҒЫЛЫМИ МЕКТЕБІ

           Заң ғылымдарының докторы,
     Қазақстан ПҒА академигі 
              Ергали Ошпанбаевич Тузельбаевтың         
                      ҒЫЛЫМИ МЕКТЕБІ                               

Ғылыми мектептi құру отандық заң ғылымын дамытудағы және жоғары бiлiктi ғылыми және педагогикалық кадрлар даярлаудағы маңызды кезең болып табылады. Ғылыми мектеп Қазақстанда да, одан тысқары жерлерде де танылған жетекші ғалымның көп жылдық ғылыми және практикалық тәжірибесі негізінде қалыптасады.

Ғылыми мектептің жетекшісі болып танылады – Ергали Ошпанбаевич Тузельбаев, заң ғылымдарының докторы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі №1 шешімімен бекітілген), профессор (2004 жылғы 10 қарашадағы ҚР БҒМ ЖАК №5 шешімімен), Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі (2002 жылғы 10 шілдедегі диплом негізінде, №0323 куәлік).

Ергали Ошпанбаевич заң ғылымы мен құқықтық мәдениетті дамытуға елеулі үлес қосқан беделді ғалым. Ол 200-ден астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде нөлдік емес импакт-факторлы мақалалардың (2014, 2024), РФ ЖАК және ҚР БҒМ БҒСБК жетекші ғылыми басылымдарындағы жарияланымдардың, академиялық ортада кеңінен танылған екі монография мен он оқу-әдістемелік құралдардың авторы болып табылады.

 Ғылым мен білім беру қызметіндегі үздік жетістіктері үшін Е.О. Тузельбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталды, бұл оның мемлекеттің, ғылым мен білім берудің дамуына қосқан үлесін растайды.

Өзінің кәсіби жолында ол отандық заң ғылымының дамуына және ғылыми кадрлар даярлауға белсенді түрде атсалысып келеді:

Оның ғылыми жетекшілігімен «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша 20 магистрлік диссертация дайындалып, қорғалды (2010–2024 жж.);

2021–2024 жылдары аралығында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасына бекітілген жас ғалымдар – А.С. Омаров пен Г.О. Дюсекееваға ғылыми жетекшілік жасаған;

«Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша диссертациялық кеңестердің жұмысына қатысқан:

- ҚР ІІМ Алматы академиясында (2005–2007 жж.);

- ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында (2010–2013 жж.).

Е.О. Тузельбаев қызметтік және ғылыми жолында көптеген марапаттарға ие болды:

«Милиция үздігі» төсбелгісі

«Қазақстан Республикасына 10 жыл» мерекелік медалі

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалі

I, II, III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдары

«Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалі

«Ішкі істер органдарындағы ардагер» медалі

«Қазақстан полициясына 15 жыл» медалі

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрметті қызметкері» төсбелгісі

«ІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісі

«Қазақстан полициясына 20 жыл» мерекелік медалі

«ІІМ ішкі әскерлерге 20 жыл» мерекелік медалі

Ғалымның жетекшілігімен жас зерттеушілерге арналған платформа қалыптасып, олар заманауи сын-қатерлерге жауап бере алатын ғылыми идеялар мен өзекті құқықтық шешімдер жасап шығаруға бағытталады. Ол негiзделген ғылыми мектеп отандық және халықаралық құқық нормаларын терең зерделеуге және практикалық қолдануға, сондай-ақ Қазақстанның құқықтық жүйесiн жетiлдiрудiң тұжырымдамалық тәсiлдерiн әзiрлеуге бағдарланған. 

Сонымен қатар Ергали Ошпанбаевич 68-ге жуық марапат пен алғысқа ие болып, Ресей Федерациясының, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь және Украина Республикаларының Ішкі істер министрліктерінің медальдарымен марапатталған. Бұл – оның халықаралық деңгейде мойындалғанын және құқық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесінің дәлелі.

Ғылыми мектептің мақсаты – заңдылықты, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған тиімді құқықтық тетіктерді әзірлеу және енгізу үшін ғылыми-зерттеу алаңын қалыптастыру, сондай-ақ құқық қорғау қызметі саласында жоғары білікті мамандар даярлау.

Ғылыми мектептің міндеттері:

  1. Құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелеріне, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу мәселелеріне қатысты іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу.

  2. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу.

  3. Магистрлік және докторлық диссертацияларға ғылыми жетекшілік ету, жас зерттеушілерге тәлімгерлік жасау арқылы ғылыми кадрлар даярлау.

  4. Тәжірибе алмасу және озық ғылыми жетістіктерді тарату мақсатында ғылыми конференциялар, семинарлар және дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу.

  5. Ғылыми әзірлемелерді тәжірибеге енгізу үшін отандық және шетелдік ғылыми мекемелермен, құқық қорғау органдарымен және оқу орындарымен ынтымақтастықты жүзеге асыру.

  6. Құқық қорғау қызметі саласындағы мамандарды даярлауға арналған инновациялық білім беру бағдарламалары мен әдістемелік материалдарды әзірлеу және енгізу.

 Ғылыми мектептің қызметі Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасы негізінде жүзеге асырылады және заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ПҒА академигі Ергали Ошпанбаевич Тузельбаевтың тікелей ғылыми жетекшілігімен жүзеге асырылады.

Ғылыми мектептің қызметін ұйымдастыру келесі бағыттарды қамтиды:

  • Ғылыми мектеп құрамын қалыптастыру: оған магистранттар, PhD докторанттар, оқытушылар, жас зерттеушілер, сондай-ақ құқық қорғау саласындағы ғылыми қызметке қызығушылық танытқан курсанттар мен тыңтадаушылар кіреді.

  • Қазақстан Республикасындағы құқық қолдану практикасының өзекті мәселелеріне және ішкі істер органдарының міндеттеріне сәйкес жыл сайынғы ғылыми басымдықтарды және зерттеу бағыттарын айқындау.

  • Басым тақырыптар бойынша жеке және ұжымдық ғылыми жобаларды әзірлеу.

  • Мектеп қатысушыларының ғылыми жарияланым белсенділігін қаммасыз ету: ғылыми мақалалар, тезистер, монографиялар, оқу-әдістемелік құралдар дайындауға жағдай жасау (оның ішінде ҚР БҒМ БҒСБК, РФ ЖАК, Scopus, Web of Science басылымдарында жариялау).

  • Ғылыми сараптама мен рецензиялауға, әдістемелік ұсынымдар әзірлеуге, заңнаманы және оны қолдану тәжірибесін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауға қатысу.

  • Қызмет нәтижелерін мониторингілеу және бағалау, мектеп қатысушыларының жетістіктерін, жариялау белсенділігін және ғылыми өсуін тұрақты талдау. 

  • Ғылыми мектептермен, жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу институттарымен, мемлекеттік билік органдарымен және халықаралық серіктестермен өзара іс-қимылды жолға қою арқылы академиялық ынтымақтастықты кеңейту және ғылыми қауымдастыққа интеграциялану.

     Ғылыми мектептің негізгі бағыттары:

- Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жағдайында құқық қорғау қызметінің теориялық және құқықтық негіздері.

- Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын жетілдірудің өзекті мәселелері.

- Әкімшілік-құқықтық пәндерді оқытудың әдістемесі және білім берудегі инновациялық тәсілдер.

- Құқықтық мәдениет, кәсіби этика және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық санасын арттыру.

- Құқық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

 Ғылыми мектеп қызметінен күтілетін нәтижелер:

  1. Оқытушылардың, курсанттардың және тыңдаушылардың ғылыми-зерттеу белсенділігінің артуы.

  2. Әкімшілік қызметтің өзекті мәселелері бойынша магистрлік және докторлық диссертациялардың дайындалуы және қорғалуы.

  3. Ғылыми мектеп қатысушыларының, оның ішінде халықаралық индекстеуі бар басылымдардағы (Scopus, Web of Science) жарияланым белсенділігінің өсуі.

  4. Оқу үдерісіне енгізуге арналған әдістемелік материалдардың, оқу құралдарының, ғылыми ұсынымдардың әзірленуі.

  5. Ғылыми қауымдастық пен ішкі істер органдары арасындағы ынтымақтастықтың нығаюы.

  6. Әкімшілік полиция қызметкерлерін кәсіби даярлау деңгейінің жоғарылауы.

  7. Халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюі, гранттар мен халықаралық ғылыми жобаларға қатысу.

Осы құжаттың ережелерін іске асыру ішкі істер органдары жүйесінің ғылыми және кадрлық әлеуетін нығайтуға, мамандар даярлау сапасын арттыруға, сондай-ақ құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметіне озық ғылыми жетістіктерді енгізуге ықпал ететін болады.

Ғылыми мектеп Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесінің болашақта ғылыми және стратегиялық дамуын қамтамасыз етуге қабілетті жас ғалымдар үшін зияткерлік және кәсіби орталыққа айналуы тиіс.