Menu
1414 Call Center

2025 жыл

2025ж.22.02. ІІМ Қостанай академиясында Тәлімгерлер кеңесінің алғашқы отырысы өтті, онда ішкі істер органдарының ардагерлері оқу орнының жас қызметкерлерімен кездесті. Бұл кездесудің басты мақсаты – жас қызметкерлердің кәсіби шыңдалуына көмектесу, отансүйгіштікке баулу, жас полицейлерді Қазақстан Республикасы халқына аянбай қызмет етуге ынталандыру. 

2025ж. 05 наурызында ІІМ Қостанай академиясында шахмат клубының салтанатты ашылуы өтті. Шахмет клубының ашылуына Академия басшылығы, оқытушылар және курсанттар қатысты. Шақырылған қонақтардың қатарында: Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы Сайлаубек Ещанов, халықаралық гроссмейстер, ерлер арасындағы классикалық шахматтан ҚР төрт дүркін чемпионы Петр Костенко, «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ Қостанай облысы бойынша филиалының атқарушы директоры Павел Русанов, ЧелМУ шахмат клубының басшысы Александр Калашников, шахмат федерациясының менеджері Асқар Мусаинов, сондай-ақ Академия ардагерлері болды. 

 

2025ж.28.05. Қостанай академиясына Қытай Халық Республикасының делегациясы келді. ІІМ Қостанай академиясына Қытай Халық Республикасының делегациясы келді. Сапардың басты мақсаты - киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту. Кездесу барысында тараптар осы негізгі салалардағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылап, тәжірибе алмасты және одан әрі ынтымақтастық жолдарын белгіледі.

 

2025ж.02.06. ІІМ Қостанай академиясы тарихында болмаған оқиға орын алды! Оқу орны ұжымына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков келді. Іссапардағы естелік  ретінде  Жандарбек Мәлібекұлы Академия ауласына көк шырша көшетін отырғызды. Іс-шараға облыстық әкімдіктің, шекара қызметінің, жастар құрылымдарының өкілдері қатысты.

 

2025ж.21.06. Қостанай академиясына Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі келді. Біздің өңірге жұмыс сапары аясында ІІМ Қостанай академиясына Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев келді. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мәслихат депутаттарының II Республикалық форумында «Заң және тәртіп» нарративінде  әділ Қазақстан құруда  маңызды бағдар ретінде іске асыруға басты назар аудару үшін жеке құраммен кездесті.

 

2025ж.26.07. ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында  жылсайынғы Түлектер форумы өтті. Іс-шара Академияны әр жылдары бітірген және құқық қорғау жүйесінің әртүрлі бөлімшелерінде жұмыс істейтін офицерлерді қалыптасқан дәстүрмен шілде айының соңғы сенбісінде біріктірді. 

 

2025ж.19.09. оқу орнымызда есімі Қостанай академиясының тарихымен тығыз байланысты ІІМ ардагері отставкадағы ішкі қызмет генерал-майоры Талап Қабденұлы Қабденовпен кездесу өтті. 1996 жылы Талап Қабденұлы оқу орнын жауапты басқаруды өз мойнына алып, офицерлік қызметтің берік іргетасы мен жоғары стандарттарын қалап, бүгінгі күнге дейін бағдар болып қала береді. Талап Қабденұлы көптеген жылдар бойы ІІМ офицерлеріне лайықты және адал адамдарды тәрбиеледі. 

 

2025ж.20.09. Қостанай қаласының орталық алаңында Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бірінші курс курсанттары үшін ішкі істер органдары қызметкерінің салтанатты түрде Ант қабылдау рәсімі өтті. Ант қабылдау рәсімі ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, доцент, отставкадағы ішкі қызметтің генерал-майоры Т.Қ. Кабденовтің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Іс-шараға Ішкі істер министрінің орынбасары әділет полковнигі А.С. Қайырбеков және басқа да ресми тұлғалар қатысты. 

 

2025ж.22.09. Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында білім беру инфрақұрылымын дамыту жолында тағы бір маңызды қадам жасалды – Динамикалық қауіпсіздік орталығы ашылды. Бұл жоба БҰҰ ЕҚБ Бағдарламасы донорларының қолдауымен жүзеге асырылып, Академиямыздың білім беру инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадамға айналды. Салтанатты шараға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары, ҚАЖК төрағасы әділет полковнигі Абай Қайырбеков, Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің саяси мәселелер жөніндегі қызметкері Лаура Дельгадо, АҚШ Мемлекеттік департаментінің Терроризмге қарсы бюросының өңірлік кеңесшісі Теодор Крейг, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы бағдарламалық офисінің басшысы Мадина Сариева және өзге де құрметті қонақтар қатысты. Орталықтың ашылуы – жоғары білікті мамандарды даярлау және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту жолындағы үлкен жетістік. Бұл – ынтымақтастық пен кәсіби өзара іс-қимылдың жаңа кезеңінің бастауы.

 

 

2025ж.20.10. ІІМ Қостанай академиясында психолог мамандарды даярлау және әлеуметтік зерттеулер жүргізу орталығының ұйымдастыруымен «Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметін моральдық-психологиялық қамтамасыз ету: өзекті мәселелермен шешу жолдары» атты тақырыпта V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өткізілді. Конференция жұмысына Қазақстанның, Қырғыз Республикасының, Өзбекстан Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Ресей Федерациясының жетекші ғалымдары, сондай-ақ ҚР ІІМ ПД, ҚАЖК өкілдері және еліміздің ЖОО профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты. Спикерлер ең өзекті мәселелерді эмоциялық күйзеліс, тәуелділік, дисфункционалды эмоциялар мен денсаулыққа байланысты проблемаларды шешу жолындағы технологиялар мен тәсілдермен бөлісті. 

2025ж.28.10. ІІМ Қостанай академиясында дәстүрлі VI Үздіктер слеті өтті.  Бұл өз білімін жетілдіріп, қызметте де үлгі болып жүрген курсанттар үшін маңызды сәт. Іс-шара аясында 1-курс курсанттарын қабылдау рәсімі де өтті. Бұл слёт олар үшін үлгі болып, жетістікке жетуге мотивация берді.

2025ж.14.11. Академиямызда қазақ киносының талантты актері, халықаралық деңгейде танылған өнер иесі Байсақалов Төлепберген Тұрсынұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында актер курсанттарға өзінің шығармашылық жолы, актерлік тәжірибесі туралы әңгімелеп, сахнада өзін ұстау мен дұрыс коммуникация орнатудың қыр-сырын түсіндірді. Сонымен қатар ол сахнада өзін ұстаудың және көркемдік бейнелеудің негізгі тәсілдерін көрсеткен актерлік шеберлік бойынша мастер-класс өткізді. 

 

2025ж.11.12. ІІМ Қостанай академиясында алғаш рет қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері арасында «Мамандығы бойынша үздік» республикалық байқауы өтті. Конкурс Қазақстанда 13 желтоқсанда атап өтілетін ҚАЖ қызметкерлері күнін мерекелеуге орайластырылды. Қатысушылар еліміздің барлық аумақтық  ҚАЖД іріктеуден өткен үздік мамандар болды. Конкурс қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруға, корпоративтік рухты нығайтуға және олардың заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудегі жұмысының маңыздылығын мойындауға бағытталған.