Меню
1414 Чалуу борбору
Тандоо комиссиясы +7 705 242 37 27, +7 714 239 09 19
Ишеним телефону +7 714 239 09 19(1012)

2026 жыл

2026ж.19.01. ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы Қостанай қаласы білім бөлімінің физика-математикалық лицейімен бірлесіп, «Жас сақшы» сыныбының салтанатты ашылу рәсімін өткізді. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, патриоттық сезімді ояту, тәртіп пен жауапкершілікті нығайту, сондай-ақ жастардың құқық қорғау органдары қызметіне деген қызығушылығын арттыру. 

 

2026ж.30.01. Академия курсанттары «Заң және тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында өткен «Жас қолдаушы» жастар форумына қатысты. Аталған форумға облыстың колледждері мен жоғары оқу орындарынан шамамен 1000 студент жиналды. Форум жастар арасында жауапкершілік, заңға бағыну және белсенді азаматтық ұстаным сияқты құндылықтарды насихаттайтын ашық пікір алмасу алаңына айналды. Іс-шараның ерекше қонақтары - қазақстандық «Патруль» телехикаясының актерлері Медет Аманбаев пен Еділ Анарбай болды.

 

2026ж.25.02. Академия курсанттары мен тыңдаушылары үшін Мәлік Мұхамедярұлы Байсұлтановпен кездесу ұйымдастырылды. Ол — джиу-джитсудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жауынгерлік самбодан спорт шебері, Әлем кубогының чемпионы және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери қызметшісі.