Мәзір
1414 Байланыс орталығы
+7 (777) 659-17-36 Сенім телефоны
Қабылдау комиссиясы +7 700-482-74-14

Бүгін «Мирас» мәдениет сарайында Қостанай облысының Полиция департаменті «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізді. Аталған іс-шараға Қостанай академиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі Ахан Нурушев пен тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің полиция подполковнигі Руслан Аужанов қатысты. Қостанайдағы оқу орны түлектерінің алдында Ахан Нурушев сөз сөйледі. Ол Қостанай академиясына қабылдау ережелері мен шарттары, Академиядағы оқудың басымдықтары туралы айтып, сұрақтарға жауап берді. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің мақсаты, кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатарына жастарды тарту болып табылды. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы ІІМ әрбір ведомстволық оқу орындары, сонымен қатар қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан қызметкерлер туралы бейнероликтер көрсетілді. Бос орындары жәрмеңкесінде Қостанай облысы Полиция департаменті қызметкерлерімен қойылған көрсетілім, концерттің қызықты сәті болды. Аталған концертке Қостанай академиясының 1-курс курсанты Досбол Смайлов та қатысып, ЖОО-дағы оқу туралы айтып, қазақтың қара домбырасында күй орындады.30_01_1.jpg30_01_2.jpg30_01_3.jpg30_01_4.jpg30_01_5.jpg30_01_6.jpg
2024 ж. 30 қаң., 07:17:47