Қостанай академиясының алғашқы кәсіби даярлық факультетінің курсанттарын салауатты өмір салтына ынталандыру мақсатында тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің аға инспектор-психологы полиция подполковнигі Сәуле Байғабулова оқу-саптық бөлінісімен бірлесе отырып, Қостанай облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы қызметкерінің қатысуымен іс-шара өткізді. Өз сөзінде ЖИТС орталығындағы профилактикалық жұмыс бөлімінің педагогы Серік Кадрон көптеген келеңсіздіктердің басты себебі көбінесе білмеушіліктен болатынын айтты. Сол себептен жастардың қажетті ақпаратты дер кезінде алып, денсаулық - ең басты құндылық екеніне тоқталып кетті. Кездесу барысында АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік тақырыбы да көтерілді. Шараға қатысушылар ЖИТС орталығы қызметкерінің арқасында АИТВ-инфекциясының жұғу, таралу жолдары және алдын алу шаралары туралы білімдерінің кеңейтілгеніне көздері жетіп, лекторға алғыс айтты. Шара барысында тыңдаушыларға ақпараттық-танымдық материал үлестірілді.
2024 ж. 01 ақп., 08:46:05