Мәзір
1414 Байланыс орталығы
+7 (777) 659-17-36 Сенім телефоны
Қабылдау комиссиясы +7 700-482-74-14

15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні - бұл Ауған ардагерлерінің мерекесі және қаза тапқан барлық интернационалист жауынгерлерді еске алу және қайғыру күні. 10 жылға созылған Ауғанстанның қан майданына 620 мыңға жуық әскери қызметші қатысты. Олардың қатарында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бұрынғы қызметкерлері отставкадағы полковник Вячеслав Алексеевич Пряхин және отставкадағы подполковник Сағынтай Төлешұлы Жасубиев болды. Олар ҚР ІІМ үшін жас қызметкерлерді оқыту мен тәрбиелеу ісіне 20 жылдан астам уақыт бөлді. Вячеслав Пряхин Академия бастығының көмекшісі қызметін атқарды, Сағынтай Жасубиев қылмыстық құқық және жазаны орындауды ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеді. 14 ақпанда олар Ауғанстаннан әскерлердің шығарылғанына 35 жыл толуына орай елордалық салтанатты түрде өтетін іс-шараларға қатысты. Қостанай академиясының басшылығы, Ардагерлер кеңесі, жеке құрамы Вячеслав Алексеевич пен Сағынтай Төлешұлын атаулы күнімен құттықтайды. Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, ашық аспан тілейміз!15_01_1.jpg
2024 ж. 15 ақп., 07:42:06