Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру шеңберінде өткізілген «Азаматтардың жекелеген санаттарын чиптеуге байланысты құқықтық мәселелер» тақырыбында вебинар өтті. Философия докторы (PhD), ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қылмыстық-атқару құқығы кафедрасының бастығы Малик Муканов «Чиптеу институты құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимыл құралдарының бірі» атты баяндамасымен аталған іс-шараға қатысты.
2024 ж. 29 ақп., 07:42:41