БІЛГЕНГЕ АБЗАЛ! Әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Анна Медведева Қостанай қ.ОПБ ПБ аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Талғат Шуақпаевтың шақыруымен «Әкімшілік полиция қызметкерлерінің әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімін пайдалану тәртібі мен ерекшеліктері» тақырыбында дәріс сабағын ұйымдастырды.Талғат Ілиясұлы практикалық қызметте ЕЖТ қолданудың құқықтық негіздері мен ерекшеліктері туралы атап өтіп, ЕЖТ мобильді қосымшасы арқылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша әкімшілік-іс жүргізу құжаттарын қалай жасауға болатының, қосымшаны пайдалану кезінде қандай қиындықтар туындайтынын, сондай-ақ жас мамандарға одан әрі практикалық қызметте қажетті ұсынымдарды көрсетті. Өткізілген сабақ тыңдаушылардың шынайы қызығушылықтарын тудырды, олар сұрақтар қойып, практикалық қызметкерден бірқатар нұсқаулықтар алды.
2024 ж. 29 ақп., 08:45:35