Пробация қызметінің мамандарын даярлау орталығының аға оқытушы-әдіскері полиция майоры Е. Жунусова Ұлытау облысы Полиция департаменті тәрбие және кадр жұмысы басқармасының инспектор-психологы полиция майоры М. Әмірхановамен бірлесіп, пробация қызметінің қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курстарында сабақ өткізді. Онда сыни және өзекті тақырып эмоционалдық күйіп қалу жайында талқыланды. Сабақ барысында пробация қызметкерлерінің алдында тұрған проблемалар анықталып, оларды еңсеру стратегиялары ұсынылды. Оқытушылар мен тәжірибешілердің бірлескен күш-жігері пробация қызметкерлеріне стрессті жеңуді үйренуге және қиын жұмыс жағдайында кәсіби жауынгерлік қабілетін сақтауға көмектеседі.
2024 ж. 14 нау., 10:05:54