Мәзір
1414 Байланыс орталығы
+7 (777) 659-17-36 Сенім телефоны
Қабылдау комиссиясы +7 700-482-74-14

Халықаралық пробация сарапшысы және Орталық Азиядағы есірткі және қылмыс бойынша БҰҰ өкілдерінің қатысуымен шолу миссиясының үшінші күні Қостанай академиясында «Бостандыққа шыққаннан кейін сотталғандарды, соның ішінде Қостанай облысында экстремистік және террористік қылмыстар жасағаны үшін сотталғандарды әлеуметтік қайта қалпына келтіру: проблемалары мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шарада пробация қызметкерлері мен жергілікті полиция қызметкерлерін оқыту мәселелері және сотталғандарды әлеуметтік қайта қалпына келтіру туралы пікір алмасу, сонымен қатар аталмыш тақырыпта латвиялық әріптестердің тәжірибесі қарастырылды. Қостанай академиясының Эстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша ҚАЖ мамандарын даярлау орталығы ұйымдастырған дөңгелек үстелге мемлекеттік органдардың да өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстары үшін сотталғандарды, оның ішінде шетелдік террорист-содырларды қоса қадағалау және пробациялау» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, АҚШ-тың Терроризмге қарсы бюросы, Мемлекеттік департаментігің қаржылай қолдауымен ұйымдастырылды.29_02_1.jpg29_02_2.jpg29_02_3.jpg29_02_4.jpg
2024 ж. 29 нау., 07:06:38