Мәзір
1414 Байланыс орталығы
+7 (777) 659-17-36 Сенім телефоны
Қабылдау комиссиясы +7 700-482-74-14

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында «Орталық Азиядағы пробация қызметін дамыту: сын-қатерлер мен перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының өкілдері, Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасының әріптестері, Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Іс-шара басталар алдында оның қатысушылары Шырақбек Қабылбаевтың мүсініне гүл шоқтарын қойып, оқу ордамыздың басшылығымен кездесті. Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов құттықтау сөзінде әріптестеріне ұзақ мерзімді ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп, барлығына жемісті еңбек тіледі. Сондай-ақ, іс-шара қонақтары үшін Академия бойынша шағын таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.02_01_1.jpg02_01_2.jpg02_01_3.jpg02_01_4.jpg
2024 ж. 02 мам., 06:19:42