Халықаралық Нельсон Мандела күні
18 шілде Халықаралық Нельсон Мандела күні - Оңтүстік Африканың мемлекет және саяси қайраткері, 1994 жылдың 10 мамыр айынан бастап 1999 жылдың 14 маусым айына дейінгі аралықта Оңтүстік Африка Республикасының президенті, апартеидтер өмір сүру кезеңінде адам құқықтары үшін күресте ең танымал белсенділердің бірі, сол үшін, ол 27 жыл түрмеде отырды. 1993 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты. ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының аумағында 2021 жылдың қараша айында Орталық Азия өңірінде жалғыз «Нельсон Мандела ережелерін зерделеу жөніндегі ғылыми-білім беру орталығы» ашылды. Нельсон Мандела ережелері адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың іргелі бағыттарының бірі болып табылады, ол ең алдымен сотталғандармен жұмыс істеу кезінде сақталуы тиіс. Бүгінгі таңда Нельсон Мандела ережелерін құқық қорғау жүйесінің қызметкерлері іс жүзінде қолдануы керек. Қостанай академиясының курсанттары Нельсон Манделаға арналған халықаралық челленджге белсенді қатысты.