Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 701 190 82 94, +7 714 239 03 62
Сенім телефоны +7 747 143 2632

«Қол жетімді полиция»

«Қол жетімді полиция»

 Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қол жетімді полиция» қағидатына бағдарланған полиция қызметінің сервистік моделін енгізу туралы тапсырмасын орындау мақсатында ҚР ІІМ министрі Ержан Сәденовтің басшылығымен 1 қыркүйек – Білім күніне орай  республика көлемінде ауқымды іс-шара өту барысында полицейлер барлық жалпы білім беретін мектептерді аралады. Бұл науқанның негізгі идеясы – қауіпсіздік мектептерден басталады. Қостанай академиясының басшылығы мен  жеке құрамы бұл бастаманы белсенді түрде қолдап, Қостанай облысының және Қостанай қаласының  бірқатар мектептерін аралады. Полицейлер балаларды оқу жылының басталуымен құттықтап қана қоймай, сонымен қатар полициядағы күнделікті қызметін әңгімеледі, мектеп оқушыларының құқықтары мен міндеттерін балаларға қолжетімді түрде түсіндірді, әсіресе қоғамды қалыптастыратын ережелер мен заңдардың жауапкершілікпен қараудағы маңыздылығын айтты. Сондай-ақ, полицейлер жол қозғалысы ережелері бойынша бояу кітаптарын таратып, балаларға бояуға көмектесті. Осындай іс-шаралар құқық қорғау органдарына деген сенімді арттыруда және балаларға қауіпсіз білім беру ортасын құруда маңызды рөл атқарады.

d195ccd3a65d54ea7a8aceddb6f585bbd13b34de.jpga793e78bc5c32430a404eae4d23e89c137e0da6a.jpga081b1f546d529abc48598e897503ab37623b2e9.jpg1a8c97b9500c26bf8d4f2b7b23b2cc3c3771fa95.jpg56cf5d60c8a9a48e07c36fec6918d5f6ff3eda83.jpg
2024 ж. 01 қыр., 16:00:00