Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 701 190 82 94
Сенім телефоны +7 747 143 2632

Академия қызметкерінің баптауындағы жастар ұлттық құрамасы әлемнің үздіктер қатарына енді!

Академия қызметкерінің баптауындағы жастар ұлттық құрамасы әлемнің үздіктер қатарына енді!

Күні кеше Кипр мемлекетінің Ларнака қаласында самбодан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтті. Бұл жарысқа 33 елден 700-ге жуық спортшы қатысты, Ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы дене шынықтыру даярлығы кафедрасының доценті, полиция подполковнигі Ержан Айтбайұлы Қабидуллиновтың жетекшілігімен жауынгерлік самбодан еліміздің жастары намысты қолдан жібермей, бір алтын, екі күміс  және үш қола жүлдемен жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді. Енді кезекте, самбодан әлем чемпионаты  ерлер арасында Астана қаласында өтеді.  Біздің спортшыларымызға жеңіс пен  сәттілік тілейміз!

a045d298d3dae8d03cb51b8b63ae5dbb4795c760.jpg
(берілмеген)