Жаттықтырушылар үшін бірегей тренинг
Бүгін ІІМ Қостанай академиясында жаттықтырушылар үшін динамикалық қауіпсіздікті, жедел ақпаратты жинақтау, экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстар үшін сотталғандармен жұмыс істеу мәселелеріне арналған бірегей тренингтің бірінші күні өтуде. Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменовалғыс сөзін сөйледі. Семинар зорлық-зомбылық тудыратын радикалданудың алдын алу және оған қарсы тұру, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында жалдау әрекеттері мақсатында пенитенциарлық жүйеде жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыру үшін ұйымдастырылған. Тренингтің фасилитаторы БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының сарапшысы доктор Шейн Брайанс (БҰҰ ЕҚБ), ол осы салада мол тәжірибесі мен білімімен бөлісті. Қатысушылар өз білімдерін тереңдетіп қана қоймай, әріптестерімен тәжірибе алмасты, бұл пенитенциарлық мекемелерде қауіпсіз және тиімді ортаны құруға ықпал етеді.
![2b446517bc5a62a048188492eaa0e60717ed0a1d.jpeg](https://ffa.object.pscloud.io/skuggcke/wogoueua/memyioic/2b446517bc5a62a048188492eaa0e60717ed0a1d.jpeg)
![27261d5549ffceb20c175643b32a7902b1b2e752.jpeg](https://ffa.object.pscloud.io/skuggcke/wogoueua/memyioic/27261d5549ffceb20c175643b32a7902b1b2e752.jpeg)
![8dcab037f9c12238f13162bfe07e5d1829ab03d0.jpeg](https://ffa.object.pscloud.io/skuggcke/wogoueua/memyioic/8dcab037f9c12238f13162bfe07e5d1829ab03d0.jpeg)