Біз қызметкерлеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз!
Академия кітапханасының қорына қылмыстық - атқару құқығы кафедрасының доценті полиция подполковнигі Мырзабек Туйганов 8 басылым (3 атау) тапсырды: екі әдістемелік ұсыныс және бір оқу құралы. Жұмыстар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі экстремистік және террористік қылмыстары үшін сотталғандарды дерадикализациялау, сондай-ақ олар оңалту және реинтеграциялау тақырыбына арналған. Оқу құралдары оқытушыларға, курсанттарға, магистранттарға және докторанттарға, сонымен қатар қылмыстық-атқару жүйесінің тәжірибелі қызметкерлеріне арналады.
- «Методические рекомендации по ресоциализации осужденных за экстремистские и террористические преступления в учреждениях уголовно-исполнительной системы» оқу құралын М.С. Туйганов, А.З. Аманбаев, Д.Е. Абенов, С.Р. Курбанов даярлады. Жауапты редактор М.С. Туйганов.
- «Методические рекомендации для субъектов дерадикализации осужденных за экстремистские и террористические преступления». Автор: М.С. Туйганов.
- «Социально-гуманитарное просвещение в дерадикализации осужденных за экстремистские и террористические преступления» оқу құралын М.С. Туйганов, Қ.Е. Мырзахмет, Д.Е. Абенов сияқты ұжымдық авторлар даярлады. Жауапты редактор М.С. Туйганов.
