Мәзір
1414 Байланыс орталығы
+7 747 143 2632 Сенім телефоны
Қабылдау комиссиясы +7 701-190-82-94

Салғырттық танытқан жоқ

Салғырттық танытқан жоқ

Қазіргі уақытта Астана қаласы Байқоңыр аудандық полиция басқармасының тергеу бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Евгений Вишневский Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында білімін жетілдіріп жатыр.  Жуырда Академияға бара жатқан сәтте  бір әйел адам алдынан шыға келіп, тротуарға көлігімен шығып кеткен  жүргізуші оны баласымен бірге тапамақшы болғанын айтты. Майор дереу түрде оқиға орнына барып, жүргізушіні ес-түссіз күйде табады. Бастапқыда ол ер адам өзін нашар сезінді деп ойлады, бірақ жүрек соғы ырғағын тексергеннен кейін өмірге қауіп жоқ екенін анықтады. Алайда алкогольді ішімдіктің айқын иісі және жанындағы таусылмаған ішімдік оның мас күйін дәлелдеді. Майор Вишневский дереу 102-ге қоңырау шалып, жол-патрульдік қызметін шақырып,  жүргізушіні полицейлердің қолына берді. Оның нақты шешімі мен жасаған әрекеттері  кез-келген полиция қызметкері күтпеген жағдайларда қоғамның қорғаушысы бола алатындығын еске салады. Ұқыптылық пен көмекке келуге дайындықтың арқасында полиция қызметкері қауіпсіздікті қаламыздың көшелеріне қайтару арқылы одан да үлкен қайғылы жағдайды алдын алды.

968a701335e808dfe3cea4744ace491cd6d9acec.jpeg
2025 ж. 04 ақп., 21:00:00