Мәзір
1414 Байланыс орталығы
+7 747 143 2632 Сенім телефоны
Қабылдау комиссиясы +7 701-190-82-94

Дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстел өтті

ІІМ Қостанай академиясында «Қылмыстық-атқару жүйесін реформалау: жаңа тәсілдер мен даму перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Бас прокуратураның, Қостанай облысы прокуратурасының, Қостанай облысы бойынша ҚАЖД өкілдері, сондай-ақ Академияның профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты. Бас прокуратураның 2-Қызмет бастығының орынбасары Қуаныш Кубинтайұлы Амралин ҚАЖ реформалау бойынша заңнамалық бастамалар ұсынды. Талқылау барысында жазаларды орындау тиімділігін арттыруға және пробациялық бақылауды жетілдіруге бағытталған негізгі инновациялар талқыланды. Өз кезегінде академияның ҚІП кафедрасының доценті полиция подполковнигі Мырзабек Сардарбекұлы Туйганов Академияның осы саладағы ғылыми зерттеулеріне талдау жасап, ғылым мен құқық қолдану практикасының өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Бас прокуратура, ҚАЖ органдары және академия арасында заңнаманы дамыту және реформаларды ғылыми сүйемелдеу мақсатында одан әрі ынтымақтастық туралы шешім қабылданды.

c2126067e62741de7327e31d9d9c134bf47dce63.jpg668f41b99aa8f29e3ba02faf74a5c2403923b025.jpg6fb8f000b3e55ce2e69ee48d546986ccb7c4d655.jpg
2025 ж. 11 ақп., 19:00:00