Menu
1414 Call Center
Selection committee +7 701 190 82 94
Helpline +7 747 143 2632

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және ІІМ ардагері Д.Бермұхамбетовты еске алуға арналған жекпе-жек фестивалі

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және ІІМ ардагері Д.Бермұхамбетовты еске алуға арналған жекпе-жек фестивалі

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында  Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және ІІМ ардагері Д.Бермұхамбетовты еске алуға арналған жекпе-жек фестивалі өтті. Турнирге Қостанай облысының қалалары, аудандары және Қазақстанның басқа да өңірлердің клубтары мен секцияларының командалары қатысты. Спорттық шараның қадірлі қонақтары облыстық әкімдіктің, қалалық әскери комитеттің өкілдері, әскери іс-қимылдардың ардагерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болды. Жеке есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және медальдармен, қатысушылар түрлі номинациялар бойынша грамоталармен марапатталды. Академия курсанттары алаңда бар өнерлерін көрсетіп жүлделі орындарды иемденді.

1-орын: Кенесбек Алинур, Муратов Тілек, Исмаилов Тимур, Жамалов Нурсултан.

2-орын: Есалы Жомарт, Құдайберген Батыр, Мұхамбет Орынбасар, Бекежан Дәулен, Тұрғынбаев Жан, Нурахметов Руслан.

3-орын: Нұрсұлтан Ерасыл, Дильдабек Ерасыл, Күзембек Акарыс.

Спортшыларымызды шың жүректен құттықтаймыз!

b90e0baaa02fc8bb82f9962a4f27a2030a116ade.jpg1fb034fa8a245f5be69bfc93f00c6aa337b80f76.jpgce903389fb7e85868489520bf96505b29379f4b4.jpg
Apr 13, 2025, 5:00:00 PM