Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және ІІМ ардагері Д.Бермұхамбетовты еске алуға арналған жекпе-жек фестивалі
ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және ІІМ ардагері Д.Бермұхамбетовты еске алуға арналған жекпе-жек фестивалі өтті. Турнирге Қостанай облысының қалалары, аудандары және Қазақстанның басқа да өңірлердің клубтары мен секцияларының командалары қатысты. Спорттық шараның қадірлі қонақтары облыстық әкімдіктің, қалалық әскери комитеттің өкілдері, әскери іс-қимылдардың ардагерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болды. Жеке есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және медальдармен, қатысушылар түрлі номинациялар бойынша грамоталармен марапатталды. Академия курсанттары алаңда бар өнерлерін көрсетіп жүлделі орындарды иемденді.
1-орын: Кенесбек Алинур, Муратов Тілек, Исмаилов Тимур, Жамалов Нурсултан.
2-орын: Есалы Жомарт, Құдайберген Батыр, Мұхамбет Орынбасар, Бекежан Дәулен, Тұрғынбаев Жан, Нурахметов Руслан.
3-орын: Нұрсұлтан Ерасыл, Дильдабек Ерасыл, Күзембек Акарыс.
Спортшыларымызды шың жүректен құттықтаймыз!


