Көп шақырымды жүгіріс
Көп шақырымды жүгіріс



Jul 25, 2025, 5:00:00 PM
ІІМ Қостанай академиясында бірінші курстың аяқталуын курсанттар көп шақырымды жүгіріспен атап өтті. Оқу-дала лагерінен бастап Академия қабырғасына дейін 36 шақырым жүгіріп өтті, оларды барлығы нағыз жеңімпаз ретінде қошеметпен қарсы алды. Академия бастығы полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов курсанттарды оқудың бірінші жылының сәтті аяқталуымен құттықтап: «Биылғы жыл сіздер үшін бейімделу, білім алу, сынақтардан өтіп, жеңістерге жету кезеңі болды. Сіздер құқық қорғау жүйесінің, еліміздің бетке ұстар болашағысыздар» - деді. Іс-шараның шарықтау барысында курсанттар Академияда оқуды армандайтын және қазіргі уақытта түсу емтихандарын тапсырып жатқан талапкерлерге бірінші курс курсанттары жылдық белгілерін табыс етті.



