Меню
1414 Чалуу борбору
Тандоо комиссиясы +7 701 190 82 94, +7 714 239 03 62
Ишеним телефону +7 747 143 2632

Көп шақырымды жүгіріс

Көп шақырымды жүгіріс

ІІМ Қостанай академиясында бірінші курстың аяқталуын курсанттар көп шақырымды жүгіріспен атап өтті. Оқу-дала лагерінен бастап Академия қабырғасына дейін 36 шақырым жүгіріп өтті, оларды барлығы  нағыз жеңімпаз ретінде қошеметпен қарсы алды. Академия бастығы полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов курсанттарды оқудың бірінші жылының сәтті аяқталуымен құттықтап: «Биылғы жыл сіздер үшін бейімделу, білім алу, сынақтардан өтіп, жеңістерге жету кезеңі болды. Сіздер құқық қорғау жүйесінің, еліміздің  бетке ұстар болашағысыздар» - деді. Іс-шараның шарықтау барысында курсанттар Академияда оқуды армандайтын және қазіргі уақытта түсу емтихандарын тапсырып жатқан талапкерлерге бірінші курс курсанттары жылдық белгілерін табыс етті.

898dab515afa58fe94c7941a2294dc5c5e5e5d20.jpegb66526851b267138c7eb1535884a98f26438a717.jpeg5eedbe887bdff9f3a2ec58faed4054a1e571f903.jpegda4805ecd2813b567f68bdfe9bf701e75f0ac699.jpeg
2025-ж., 25-июл. 17:00:00