«Машина жасау саласындағы стандарттау мен сертификаттауда жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында семинар өтті
ҚР ІІМ Қостанай академиясы және З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандум аясында, сонымен қатар екі дипломды білім беру бағдарламасын жетілдіру мақсатында, «Машина жасау саласындағы стандарттау мен сертификаттауда жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шара барысында білім беру саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастық пен кәсіби байланыстарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін:
ҚР ІІМ Құрмет грамотасымен:
- Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің президенті, Алдамжар Бибігүл Зұлқарнайқызы;
- Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің ректоры, Руслан Батыржанұлы Абдуллин.
ҚР ІІМ Грамотасымен:
- Қостанай әлеуметтік – техникалық университетінің проректоры,
Маржанкүл Серікқызы Абилова марапатталды.
Білім және ғылым саласын дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін алғысымыз шексіз, марапаттауларыңыз құтты болсын!

