Меню
1414 Чалуу борбору
Тандоо комиссиясы +7 701 190 82 94, +7 714 239 03 62
Ишеним телефону +7 747 143 2632

«Машина жасау саласындағы стандарттау мен сертификаттауда жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында семинар өтті

«Машина жасау саласындағы стандарттау мен сертификаттауда жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында семинар өтті

ҚР ІІМ Қостанай академиясы және З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандум аясында, сонымен қатар екі дипломды білім беру бағдарламасын жетілдіру мақсатында, «Машина жасау саласындағы стандарттау мен сертификаттауда жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында семинар өткізілді.  Іс-шара барысында білім беру саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастық пен кәсіби байланыстарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін:

ҚР ІІМ Құрмет грамотасымен:

- Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің президенті, Алдамжар Бибігүл Зұлқарнайқызы;

- Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің ректоры, Руслан Батыржанұлы Абдуллин.

ҚР ІІМ Грамотасымен:

- Қостанай  әлеуметтік – техникалық университетінің проректоры,

Маржанкүл Серікқызы Абилова марапатталды.

Білім және ғылым саласын дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін алғысымыз шексіз, марапаттауларыңыз құтты болсын!

83e4b8ea1d1bedcb0c97c897fd0efd17ef2bb3fc.jpeg337ff0b71219345e8e8a1a5ac54a41854abc0671.jpeg
2025-ж., 26-сен. 14:00:00