Menýu
1414 Çagyryş merkezi
Telefon belgisi +7 747 143 2632

Академия курсанттарымен кездесу

Академия курсанттарымен кездесу

ІІМ Қостанай академиясында Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерімен кездесу өтті. Іс-шара барысында Экономикалық тергеу департаментінің басшысы полиция подполковнигі Қайрат Жаппаев пен Ұйымдастыру-бақылау басқармасының аға жедел уәкілі Әсемгүл Балжакаева курсанттарға қаржы сауаттылығы бойынша республикалық диктантты өткізу тәртібі мен талаптарын түсіндірді. Мұндай іс-шаралар курсанттар мен қызметкерлердің қаржылық сауаттылығын арттырып, жеке қаржыны басқару мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді. Кездесу соңында курсанттар ұсынылған ақпаратқа қызығушылық танытып, алдағы қаржы сауаттылығы диктантына белсене қатысуға ниет білдірді

31bf3383f2f0bf35b6aa65860fef20bb53cf7e55.jpeg632ccbfc8b51e896b0188b4b5570c8279e1feef8.jpeg
7 okt 2025 15:00:00