Меню
1414 Чалуу борбору
Тандоо комиссиясы +7 701 190 82 94, +7 714 239 03 62
Ишеним телефону +7 747 143 2632

«Аталар сөзі – ақылдың көзі»

«Аталар сөзі – ақылдың көзі»

 Ағымдағы жылдың қазан айында «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Аталар сөзі – ақылдың көзі» қалалық зияткерлік ойынын өткізді. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы кәсіби даярлық факультетінің 3 курс курсанты Аида Жанатбекті Академияның ақпараттық саясат бөлімшесінің инспекторы Орынбасар Уақпаева жан-жақты дайындады. Іс-шараға жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мұғалімдері, қаламыздың жас ақындары, жоғары оқу орындарының студенттері, Қостанай қаласы  6697 ә/б сарбаздары да қатысты. Зияткерлік ойыны «Ұлылар сөзі», «Сөз тапқанға қолқа жоқ»,  «Ойтамызық» және «Көкпар» сияқты 4 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде тілге байланысты шешендік нақыл қанатты сөздерді жатқа айту, шешендік сөз үлгісін құру, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сынды шешендердің қанатты сөздерін бүгінгі заманмен байланыстырып ой қорытындысын жасау сияқты кезеңдерден өтті. Қортынды төртінші кезеңде қатысушылар өзара тілге байланысты мақал айтудан жарысты. Аталған кезеңдерден өзін жан-жақты белсене көрсетіп, білімін шыңдаған Академияның 3 курс курсанты Аида Жанатбек қазылар  - алқасының шешімімен грамота және ақшалай сыйақымен марапатталды.  Жеңісің құтты болсын!

879a2510e1d32d940790ae5c3464d97a3b323ed2.jpeg
2025-ж., 17-окт. 15:00:00