Menu
1414 Call Center
Телефон доверия +7 714 239 09 19(1012)

VI Үздіктер слеті

VI Үздіктер слеті

ІІМ Қостанай академиясында дәстүрлі VI Үздіктер слеті өтті.  Бұл өз білімін жетілдіріп, қызметте де үлгі болып жүрген курсанттар үшін маңызды сәт.

Академия бастығы, полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов үздік курсанттарды марапаттап, олардың табандылығын, тәртібі мен кәсіби шеберлігін ерекше атап өтті. Іс-шара аясында 1-курс курсанттарын қабылдау рәсімі де өтті. Бұл слёт олар үшін үлгі болып, жетістікке жетуге мотивация берді.

Бұл күн — еңбек пен білімді қатар алып жүрген, өз мамандығына адал болашақ офицерлердің жетістігін айшықтаған ерекше сәт. Марапат иелерінің жетістігі — әрбір курсантқа шабыт, алға жетелейтін күш. Өз ісіне адал, елге қызмет етуге дайын жас мамандар - Академияның ең басты жетістігі.

7833a8fb6e18076ca4773db174df9e4b102a8a9d.jpegad87e8889c69844cf471a9c523accf09b22f5176.jpeg7d5254dea09299a9e3a5e48a6150ffd09a23d748.jpeg23c7db443215b80ead9a00378194143bb3b80bb0.jpeg
Oct 28, 2025, 9:00:00 PM