VI Үздіктер слеті
VI Үздіктер слеті



2025-ж., 28-окт. 21:00:00
ІІМ Қостанай академиясында дәстүрлі VI Үздіктер слеті өтті. Бұл өз білімін жетілдіріп, қызметте де үлгі болып жүрген курсанттар үшін маңызды сәт.
Академия бастығы, полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов үздік курсанттарды марапаттап, олардың табандылығын, тәртібі мен кәсіби шеберлігін ерекше атап өтті. Іс-шара аясында 1-курс курсанттарын қабылдау рәсімі де өтті. Бұл слёт олар үшін үлгі болып, жетістікке жетуге мотивация берді.
Бұл күн — еңбек пен білімді қатар алып жүрген, өз мамандығына адал болашақ офицерлердің жетістігін айшықтаған ерекше сәт. Марапат иелерінің жетістігі — әрбір курсантқа шабыт, алға жетелейтін күш. Өз ісіне адал, елге қызмет етуге дайын жас мамандар - Академияның ең басты жетістігі.


