Меню
1414 Маркази тамос
Комиссияи интихобӣ +7 701 190 82 94, +7 714 239 03 62
Телефони боварӣ +7 747 143 2632

«Ғылым әлемінде» атты зияткерлік викторина

«Ғылым әлемінде» атты зияткерлік викторина

Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Дүниежүзілік ғылым күніне орай «Ғылым әлемінде» атты зияткерлік викторина өтті. Іс-шара әртүрлі жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерін біріктіріп, ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылықты арттырып, кәсіби көкжиекті кеңейту мен ғылыми қауымдастықты нығайтуды мақсат етті. Қатысушылар өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, достық бәсеке жағдайында тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Викторина қорытындысы бойынша Қостанай академиясының «Жас ғалымдар» тобы жеңіске жетіп, бірінші орынды иеленді. Жеңімпаздар грамота және естелік сыйлықтармен марапатталды.

93e52ab8f1281af9a5911721024d8e8855a698dd.jpeg60056e45e2f8976006dfa495846fbb4f54264041.jpeg
10 Ноя 2025 14:00:00