Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 701 190 82 94, +7 714 239 03 62
Сенім телефоны +7 747 143 2632

Академияның ақын-курсанттарының поэзиялық кеші

Академияның ақын-курсанттарының поэзиялық кеші

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында оқу залында «Жүректен шыққан махаббат - Ұла Дала Еліме» атты академияның ақын-курсанттарының поэзия кеші өтті. Досбол Смайлов, Альбина Төремұратқызы, Зарина Әлмағамбетова, Дениз Әлімбетова атты курсанттарымыз Отан және ел бостандығы мен егемендігінің жолында  өмір сүрген халық батырлары туралы, азаматтардың тәуелсіздігі мен әл-ауқатын қорғайтын полиция қызметкерлері мен әскерилер туралы авторлық өлеңдерін шын жүректен және терең сезiммен шырқалды.

‎  Алғашқы кәсiптiк даярлау  курстарының тыңдаушылары Әділжан Қасымжанов пен Болат Дархан Қостанай және Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы туралы өлеңдерімен мерекелік  кешті жалғастырды.

‎  Кештің бағдарламасында Тәуелсіздіктің маңыздылығын жеткізетін және барлығын ортақ ұлттық идеяларға біріктіретін “Желтоқсан желі”, “Мен қазақпын” және т.б.  музыкалық шығармалар орындалды.

35fc900c26867fa5d5279fac6e647d1073c16bf8.jpeg5622406c51d96610eda9f9cda94fc62a93491af9.jpeg
2025 ж. 05 жел., 14:00:00