Академияның ақын-курсанттарының поэзиялық кеші
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында оқу залында «Жүректен шыққан махаббат - Ұла Дала Еліме» атты академияның ақын-курсанттарының поэзия кеші өтті. Досбол Смайлов, Альбина Төремұратқызы, Зарина Әлмағамбетова, Дениз Әлімбетова атты курсанттарымыз Отан және ел бостандығы мен егемендігінің жолында өмір сүрген халық батырлары туралы, азаматтардың тәуелсіздігі мен әл-ауқатын қорғайтын полиция қызметкерлері мен әскерилер туралы авторлық өлеңдерін шын жүректен және терең сезiммен шырқалды.
Алғашқы кәсiптiк даярлау курстарының тыңдаушылары Әділжан Қасымжанов пен Болат Дархан Қостанай және Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы туралы өлеңдерімен мерекелік кешті жалғастырды.
Кештің бағдарламасында Тәуелсіздіктің маңыздылығын жеткізетін және барлығын ортақ ұлттық идеяларға біріктіретін “Желтоқсан желі”, “Мен қазақпын” және т.б. музыкалық шығармалар орындалды.
