Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 705 242 37 27, +7 714 239 09 19
Телефон доверия +7 714 239 09 19(1012)

Меморандумға қол қойылды

Меморандумға қол қойылды

 Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті мен ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат білім беру және ғылыми жобаларды бірлесіп дамытуға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ Комитеттің ақпараттық жүйелерінің тестілік нұсқаларын Академияның оқу үдерісіне енгізуге бағытталған. Қол қою рәсімі Академия басшылығының және Департамент бастығы Ринат Әбілхасымұлы Каримовтың қатысуымен өтті. Ынтымақтастық аясында заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, білікті мамандар даярлауға және құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларға ерекше көңіл бөлінеді.

ca2aaea4b5551ffd1527095ffd67a870dc69e586.jpeg
2025 ж. 11 жел., 14:00:00