Меню
1414 Маркази тамос
Комиссияи интихобӣ +7 701 190 82 94, +7 714 239 03 62
Телефони боварӣ +7 747 143 2632

Меморандумға қол қойылды

Меморандумға қол қойылды

Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің департаменті мен ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжат білім беру және ғылыми жобаларды бірлесіп дамытуға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ Комитеттің ақпараттық жүйелерінің тестілік нұсқаларын Академияның оқу үдерісіне енгізуге бағытталған. Қол қою рәсімі академия басшылығының және департамент бастығы Ринат Әбілхасымұлы Каримовтың қатысуымен өтті. Ынтымақтастық аясында заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, білікті мамандар даярлауға және құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларға ерекше көңіл бөлінеді.

ca2aaea4b5551ffd1527095ffd67a870dc69e586.jpeg
11 Дек 2025 14:00:00