«Құқығым бар» атты сайыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 45-жылдығына арналды.    Ойын сайыс курсанттардың құқықтық мәдениеттілігін көтеру; өз құқығын білуге деген қызығушылығын арттыру; заңдарды сыйлап,өз құқығын қорғап, тәрбиелеу мақсатында өткізілді.  Сайыс ойыныңда үш команда қатысты: «ҚАЖ», «Заңгер» мен «Жорға». Командалар әр түрлі кезеніңде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне байланысты, мемлекеттін құрылуы мен даму тарихына арналған сұрақтарға жауап берді.    Әділ – қазы береді,  Өздеріңе сыйлықты.  Бізге айтып береді,  Кім өнерші, кім мықты? – деп, әділ қазылар алқаларымен танысу: әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция капитаны Б.Б. Алпеисов, мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция капитаны С. Жакупова., қылмыстық іс-жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы, полиция майоры Е. Акимжанов.    Сайыс ойыны 4 кезеңнен тұрды: 




        
        - Іріктеу
 - Жалғасын тап
 - Сөз шебері
 - Тұлғаларды тани біл
 
Асель Акылбекова
201 оқу тобының кураторы
полиция капитаны
Ерик Акимжанов
105 оқу тобының кураторы
полиция майоры




