Салтанатты іс-шара өтті
Салтанатты іс-шара өтті


2025 ж. 15 ақп., 18:00:00
Ауғанстан жерінен әскерлерді шығару күні қарсаңында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында жас қызметкерлер салтанатты түрде ант қабылдап, кезекті атақтар табыс етілді. Іс-шараға 20 жылдан астам өмірін ҚР ІІМ жас қызметкерлерін даярлау мен тәрбиелеуге арнаған отставкадағы полиция полковнигі Вячеслав Пряхин қатысты. Вячеслав Алексеевич – Ауған соғысының ардагері. Салтанатты бөлімнен кейін кәсіби дайындық факультетінің 1 курс курсанттарымен ерлік сабағында кездесіп, Ауғанстанда өткен жылдар, интернационалдық борышын өтеген жас жігіттердің қайсарлығы, антына адалдығы туралы әңгімеледі.


