Кітапхана қорында –жаңа кітаптар
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық кеңесінің басшысы Сабыр Ахметжанұлы Қасымов «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдары (ХХ ғасырдың 20-50 жылдары)» атты басылымдарды Қостанай академиясының кітапханасы қорына сыйға тарту етті. Жалпы жинақ 33 томнан тұрады. Онда Қазақстанда 1920 жылдан 1950 жылдар аралығында жаппай саяси қуғын-сүргінге негіз болған нормативтік-құқықтық актілер мен құжаттар енді. Аталған жинақтың 18 томында Қостанай облысы аумағында саяси қуғын-сүргін бойынша ақпараттар жинақталған. Құжаттардың маңызды бөлігі тұңғыш рет жарияланып отыр.
Басылым қазақ және орыс тілдерінде шықты.
Аталған жинақ зерттеуші мамандарға, сондай - ақ тарих, саясаттану, әлеуметтану пәнінен сабақ беретін оқытушыларға және көпшілік оқырман қауымға арналған.