Нельсон Манделаның туған күнінде Қостанай академиясында Халықаралық дөңгелек үстел өтті
Бүгін, Нельсон Манделаның туған күнінде Қостанай академиясында осы күнге орайластырылған Халықаралық дөңгелек үстел өтті. Ғылыми іс-шараны қылмыстық-атқару құқығы кафедрасы ұйымдастырды. Қатысушыларға Академия бастығы полиция генерал-майоры Ақынқали Даутбайұлы Дәрменов, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы меңгерушісінің орынбасары Нұрлан Амангелдіұлы Биекенов, ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының орынбасары әділет генерал-майоры Мейрам Ақатұлы Аюбаев, Қазақстандағы БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Бағдарламалық Кеңсесі басшысының м. а. Мадина Сариева, Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Нияз Қанатұлы Рыспаев алғы сөз айтты. Ұлттық және шетелдік сарапшылар өз сөздерінде аңызға айналған тұлға - адам құқықтары үшін ең батыл күрескерлердің бірі Нельсон Мандела туралы айтты. Нельсон Мандела идеяларын ілгерілетуді жақтаушылардың бірі Қуат Рахимбердин өзінің «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару заңнамасындағы олқылықтар мен қайшылықтарды еңсеру тетігінде Нельсон Мандела ережелерін имплементациялаудың рөлі» монографиясын таныстырды. Қостанай академиясы Нельсон Манделаның ережелерін зерделеу бойынша Орталық Азия өңірінде қолбасшы болып табылатыны қуантады. Академия базасында құрылған Нельсон Мандела ережелерін зерделеу жөніндегі ғылыми-білім беру орталығы еліміздің қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерін оқыту үшін лайықты алаңға айналды және сотталғандармен қарым-қатынастың халықаралық стандарттарын оқыту әдістемесін жетілдіруге мүмкіндік береді.