Начальная профессиональная подготовка
Алғашқы кәсіптік даярлық
Алғашқы кәсіптік даярлық курстары ішкі істер органдарына кадр даярлау жүйесінде маңызды және әсерлі звено болып табылады, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
Іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтар ІІМ ведомстволарының, ІІМ қарамағындағы аумақтық органдардың, ІІМ қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің және оның ведомстволарының кадр қызметтеріне мынадай құжаттарды ұсынады
- жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, еркін нысанда өтініш;
- кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге келісімі;
- сауалнама;
- кадр есебi бойынша толтырылған жеке iс парағын;
- өз қолымен жазылған немесе басылған түрде толық толтырылған өмірбаянды;
- бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
- еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (болған кезде);
- әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (қолда бар болса);
- кандидаттың соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімнен мінездемені;
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
- біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде) тапсырады;
- екі данада өзіне және жұбайына кірістер мен мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы анықтамалар.
- медициналық және психофизиологиялық куәландыру туралы анықтама.
- ІІО тиісті бөлінісіне полиграфологиялық зерттеуден өту туралы анықтама.
ІІО-ға алғаш рет кіретін адамдар нақты лауазым бойынша қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті білімді, іскерлікті, дағдыларды және мінез-құлық нормаларын жедел алу үшін арнайы бастапқы оқытудан өтеді. Аталған санатқа арналған оқу процесі білім беру бағдарламасына сәйкес болашақ қызметкерді даярлау үшін құрамдас бөлігі болып табылатын оқытылатын пәндерге толық енгізу арқылы құрылады.
орта басшы құрамның лауазымдарына:
Модуль 1. Жауынгерлік және спорттық дағдылар модулі
- Атыс даярлығы
- Дене шынықтыру даярлығы
Модуль 2. Психологиялық және сыбайлас жемқорлыққа төзімділік модулі
- Психологиялық даярлық негіздері
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы даярлық
Модуль 3. Жалпы қызметтік жұмыс модулі
- Кәсіби полиция даярлығының негіздері
- Полиция қызметінің сервистік моделінің негіздері
Модуль 4. Құқық қорғау қызметінің модулі (ІІО қызметтерінің желілері бойынша)
- Кәсіби даярлық
қатардағы және кіші басшы құрамдағы лауазымдарына:
Модуль 1. Заң білімі модулі
- Құқықтық даярлық
- Іс жүргізу даярлығы
Модуль 2. Жауынгерлік және спорттық дағдылар модулі
- Атыс даярлығы
- Дене шынықтыру даярлығы
Модуль 3. Психологиялық және сыбайлас жемқорлыққа төзімділік модулі
- Психологиялық даярлық негіздері
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы даярлық
Модуль 4. Жалпы қызметтік жұмыс модулі

Модуль 5. Құқық қорғау қызметінің модулі (ІІО қызметтерінің негіздері бойынша)
Кәсіби даярлық
ІІО-на орта, қатардағы және кіші басшы құрам лауазымдарына алғашқы рет қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлық курстарында оқу мерзімі - 2 ай.
Алғашқы кәсіптік даярлықтың тыңдаушысына (бұдан әрі – тыңдаушылар) өзімен бірге:
- жеке куәлігі;
- маусымдық камуфляж түсті форма: жазғы – қалпақ, күрте, шалбар, камуфляж түсті футболка және қара түсті ұзын қонышты бәтеңке; қысқы – камуфляж түсті астары жылы күртеше, шалбар немесе комбинезон, сондай-ақ жүннен тоқылған бөрік және қара түсті ұзын қонышты жылы бәтеңке;
- спорттық форма және аяқ-киім;
- жеке гигиена заттары;
- жазу құралдары болуы қажет.
Тыңдаушылар бюджет қаражаты есебінен тамақтанумен және тұрумен қамтамасыз етіледі.
Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін тыңдаушы бір ай ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кадрларына қабылдана отырып, лауазымға тағайындалады және оған арнаулы атақ беріледі. Алғашқы кәсіптік даярлық курстарында оқу мерзімі Қазақстан Республикасы ІІО-дағы қызмет өтіліне (еңбек сіңірген жылдарына) есептеледі.