Menýu
1414 Çagyryş merkezi
Telefon belgisi +7 714 239 09 19(1012)

Ғылыми қызмет

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ғылыми қызметі қойылған мақсаттарға тиімді қол жеткізуге, белгіленген міндеттерді шешуге, сондай-ақ ішкі істер органдарының жүйелі дамуы мен жаңғыртылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында ғылыми қызметті жоспарлау Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің нормативтік құжаттарына, сондай-ақ ғылым мен білім беру саласында басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті органдардың нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Академиядағы ғылыми-зерттеу қызметі заңдылық, дара басшылық, ішкі істер органдарының ведомстволық ғылыми мүдделерінің басымдығы, ішкі істер органдарының практикалық қажеттіліктеріне бағдарлану, ғылыми әдептілік, сапаға бағдарлану, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметі нәтижелерінің тиімділігі мен пайдалы болуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

Академияда ғылымның басым бағыттары бойынша, ішкі істер органдары қызметінің өзекті мәселелерін зерттеу, сондай-ақ білім беру мазмұны мен оқыту әдістемесін жетілдіру бағытында ғылыми зерттеулер жүргізіледі.

Ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі нысандары мыналар болып табылады:

  • ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау;

  • ғылыми еңбектер жинақтарын, оқу құралдарын және өзге де оқу-әдістемелік әдебиеттерді дайындау;

  • ғылыми конференцияларға, семинарларға және дөңгелек үстелдерге, кафедралардың көшпелі отырыстарына қатысу;

  • ғылыми іс-шараларды өткізу;

  • ғылыми зерттеулердің нәтижелерін енгізу;

  • курсанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2026 жылға арналған ғылыми-зерттеу қызметі жоспарының және Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2026 жылға арналған ғылыми-зерттеу қызметі жоспарының негізінде Академияның авторлық ұжымдары 2026 жылы 13 ғылыми зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр, оның ішінде 9-ы бастамашылық сипатта, ал 4-еуі ІІМ жоспарына сәйкес орындалады.

Ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелері ішкі істер органдарының жедел-қызметтік қызметіне, сондай-ақ ІІМ білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесіне енгізілуге тиіс.

2026 жылы Академияда тоғыз ғылыми мектеп жұмыс істейді. Ғылыми мектептер туралы ақпарат Академияның ресми сайтында «Ғылыми мектептер» бөлімінде орналастырылған.

2026 жылы 19 диссертациялық зерттеуді орындау жоспарланып отыр, оның ішінде философия докторы (PhD) / ұлттық қауіпсіздік және әскери іс докторы ғылыми дәрежесін алуға – 7, ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі дәрежесін алуға – 12.

2026 жылы Академияда 25 ғылыми-өкілдік іс-шара өткізу жоспарланған, оның ішінде халықаралық деңгейдегі – 11.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелері отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда жарияланады, сондай-ақ халықаралық және ұлттық ғылыми-практикалық конференцияларда ұсынылады.

Ғылыми-өкілдік іс-шаралар туралы ақпарат Академияның ресми сайтында «Ғылым – Ғылыми іс-шаралар кестесі» бөлімінде орналастырылған.

Академия гранттық бағдарламалар есебінен қаржыландырылатын ғылыми жобаларды іске асыруға қатысады. Профессорлық-оқытушылық құрам ғылыми зерттеулерді дамытуға және инновациялық әзірлемелерді енгізуге бағытталған ғылыми гранттар конкурстарына қатысады.

Гранттық жобалар ғылыми зерттеулерді кеңейтуге, Академияның ғылыми әлеуетін нығайтуға және ғылыми ұйымдармен ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.

Академия шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми ұйымдармен ғылыми ынтымақтастықты дамытуды жүзеге асырады.

Халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

  • бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу;

  • халықаралық ғылыми іс-шараларға қатысу;

  • ғылыми жұмыстарды халықаралық басылымдарда жариялау;

  • бірлескен оқу және оқу-әдістемелік материалдарды дайындау;

  • оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығы.

Академия Халықаралық полицейлік академиялар қауымдастығының (INTERPA) мүшесі болып табылады. ТМД елдерінің көптеген ведомстволық оқу орындарымен ынтымақтастық жүзеге асырылуда (халықаралық ынтымақтастық туралы 30 келісім жасалған). Халықаралық ынтымақтастық туралы ақпарат Академияның ресми сайтында «Халықаралық ынтымақтастық» бөлімінде орналастырылған.

Халықаралық ынтымақтастық ғылыми тәжірибе алмасуға, ғылыми мектептердің дамуына және Академияның әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялануына ықпал етеді.

Академияда Жас ғалымдар кеңесі (бұдан әрі – ЖҒК) жұмыс істейді, ол жас зерттеушілерді, оқытушыларды, докторанттар мен магистранттарды біріктіреді.

Жас ғалымдар кеңесінің негізгі міндеттері:

  • жас зерттеушілердің ғылыми қызметін қолдау және дамыту;

  • жас ғалымдарды ғылыми жобаларға қатысуға тарту;

  • ғылыми семинарлар, конференциялар мен конкурстар ұйымдастыру;

  • жас ғалымдардың кәсіби және ғылыми өсуіне жәрдемдесу.

Кеңестің қызметі жас мамандардың ғылыми әлеуетін дамытуға және белсенді ғылыми қауымдастық қалыптастыруға бағытталған.

Академияда курсанттардың ғылыми қызметі кафедраларда ғылыми үйірмелер нысанында ұйымдастырылады. Курсанттар ғылыми мәселелерді тереңдетіп зерделеуге, ғылыми зерттеулерге қатысуға және зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады.

Ғылыми үйірмелердің қатысушылары:

  • ғылыми жұмыстар орындайды;

  • ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысады;

  • ғылыми мақалалар жариялайды;

  • ғылыми іс-шараларда зерттеу нәтижелерін ұсынады.

Ғылыми үйірмелер ғылыми ойлауды дамытуға, зерттеу дағдыларын қалыптастыруға және болашақ мамандарды ғылыми әрі кәсіби қызметке даярлауға ықпал етеді.