11 наурызда Алматы қаласында CADAP 7 Орталық Азияда есірткінің таралуын болдырмау бойынша ұйымдастырылған бағдарламамен «Терапевтік бағдарлама және түрме хаттамасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған Қылмыстық-атқару құқығы кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Уалиева Анара қатысты. Бұл іс-шарада Акцепт ұйымының сарапшылары, Германия Катаржина Кинга Ковальчик ханым және Улла Папа ханым есірткіге тәуелді азаматтық қоғаммен жұмыс істеудегі еуропалық тәжірибе туралы, азаматтық қоғаммен әріптестікті дамыту мүмкіндігі мәселесін талқылау, пенитенциарлық мекемелерде ұсталатын есірткіге тәуелді адамдардың құқықтарын сақтау туралы ақпарат ұсынылды. Іс-шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар халықтың осал топтарымен жұмыс тәжірибесімен алмасты, сондай-ақ есірткіге тәуелді адамдармен өзара іс-қимыл және жұмысты дамыту бойынша бірқатар іс-шаралар ұсынылды.
2024 ж. 12 нау., 06:49:49