Мәзір
1414 Байланыс орталығы
+7 (777) 659-17-36 Сенім телефоны
Қабылдау комиссиясы +7 700-482-74-14

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шрақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында экстремизм және терроризммен байланысты қылмыстар үшін сотталғандармен, оның ішінде қылмыстық жауапкершілікке тартылған сонымен қатар мемлекеттен тыс әскери қақтығыстарға қатысқан тұлғалармен жұмыс істеу жөніндегі өңірлік бағдарламаны іске асыру аясында халықаралық оқыту семинары басталды. Шараға қатысушыларды Академия бастығы, полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов қарсы алды. Қостанай академиясы бес жылдан бері Қазақстандағы пенитенциарлық жүйенің стратегиялық серіктесі болып табылады және Орталық Азия аймағындағы қылмыстық-атқару жүйесі мен пробация қызметінің қызметкерлерін оқытатын аймақтық хаб ретінде қарастырылады. Қазақстан Республикасындағы БҰҰ ЕҚБ кеңсесінің басшысы Мәдина Сариева аталған бағдарламаның іске асырудың екінші кезеңіне өтіп кеткенін айтты. Жобаның бірінші бөлігі Қостанай академиясында Нельсон Мандела ережелерін енгізу бойынша ғылыми-білім беру орталығының ашылуымен ерекшеленді. Ол семинар қонақтарын, Қырғызстан Республикасынан келген серіктестерді қарсы алып, жиырма сағаттан астам жол жүріп келген Дания, Нидерланды, Германиядан келген халықаралық сарапшыларға алғысын білдірді. Онлайн оқыту семинарының бірінші басқа да халықаралық сарапшылар қатысты.17_01_1.jpg17_01_2.jpg17_01_3.jpg17_01_4.jpg17_01_5.jpg17_01_6.jpg17_01_7.jpg17_01_8.jpg17_01_9.jpg
2024 ж. 17 сәу., 06:07:04